1

«Granum» сауда маркасының өнімі – бұл сапалы, пайдалы және салауатты өнім, онда тек ең таңдаулы бидайдың барлық құнарлы қасиеттері ғана сақталмаған, оған отбасының денсаулығына қажетті дәрумендер мен микроэлементтер кешені қосылған. Ұнның ассортименті төрт түрімен ұсынылған  , олардың әрбірінің ерекше қасиеттері бар: «экстра» арнайы сортының әмбебап ұны,  бірінші сортты пісірілген нанға арналған ұн, сондай-ақ құймақ ұны және жоғары сортты ыстық тағамдарға арналған ұн.

Комбинат технологтарының айтуы бойынша «экстра» сортының ұны қосымша тазартудың арқасында ақтықпен және жеңілдікпен ерекшеленеді. Ыстық тағамдарға арналған ұн қамырдың созылымдығын арттыратын «poritel» арнайы ферментімен байытылған. Сондай-ақ сатуға құймақ ұны түседі. Алайда, «Granum» өнімінің негізгі қасиеті ұнда темір (Fe), мырыш (Zn), фолий қышқылы (Bc), никотин қышқылы (PP) сияқты дәрумендер мен микроэлементтердің, сондай-ақ В тобының дәрумендері нің – рибофлавин (B2) және тиамин (B1), болуы.

Компанияның міндеті халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, отбасының тамақтану сапасын жақсарту. Осы мақсатқа сай комбинат Қазақстанда біріншілердің бірі болып ұнды фортификациялау бойынша ҚР Үкіметі мен Азия банкімен бірлескен жобаға енді. Ұнды фортификациялау Elcovit 28190 дәруменді-минералды кешенімен байытуды білдіреді.

Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты – жоғары нан пісіру қасиетімен ұн, сондай-ақ бидайдың қатты сорттарынан макарон өндіретін қазақстандық жоғары технологиялық диірмен кешені. Диірмен зауыты элеватор базасында  1999 жылы пайдалануға енгізілді. Ұн «Ocrim» итальяндық және «Buhler» швейцариялық компанияларының жабдығында бидайдың қатты сорттарынан өндіріледі. Ұн тарту өндірісінің қуаты тәулігіне 550 тонна құрайды. 2015 жылы индустриялық-инновациялық даму мембағдарламасының екінші бес жылдығы шеңберінде компаниямен жаңа технологиялық желілер мен жабдықтарды қолданумен жылына 12 мың тонна  қуатымен макарондарды өндіру жоспарлануда. НАМК өндірісі және өнімі ISO 9001, HASP халықаралық стандарттарына сай сертификатталған.