30 жылдан астам уақыт бойы сенімге ие болған сапалы өнім өндіреміз
«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС — Қазақстандағы ең ірі ұн тарту кешендерінің бірі және Granum сауда маркасымен ұн мен макарон өнімдерін өндіруші. Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін өнімдерді жасау үшін біз заманауи технологияларды, отандық шикізатты және қатаң сапа бақылауын біріктіреміз.
Толық өндірістік цикл
Біз астықты қабылдаудан бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі әрбір кезеңді бақылаймыз. Жоғары технологиялық элеваторлық кешен астықтың сапасын сақтауға және оны өңдеуге дайындауға кепілдік береді.
Заманауи ұн тарту өндірісі
Granum ұны саланың әлемдік көшбасшыларының жабдықтарында өндіріледі. Біз нан пісіру қасиеттері жоғары жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн шығарамыз.
Сапа мен шикізат
Біз тек Ақтөбе және Қостанай облыстарының отандық өндірушілерінің бидайын пайдаланамыз. Шикізат пен дайын өнімнің әрбір партиясы екі меншікті зертханада тексеруден өтеді.
Денсаулыққа пайдалы ұн
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ұнды фортификациялау мемлекеттік бағдарламасына қосылдық. Granum өнімдері Elcovit дәруменді-минералды кешенімен байытылады:
Granum макарон өнімдері
Granum макарон өнімдері итальяндық PAVAN жабдығында (қуаттылығы айына 600 тонна) және заманауи ITALPAST желісінде (дәстүрлі «Жайма» мен «Кеспе») бидайдың күшті сұрыптарынан өндіріледі.
Біздің артықшылықтарымыз
Сіздің денсаулығыңыз үшін!
Тұрақты сапа
«Granum» ұнының сапа көрсеткіштері МЕМСТ (ГОСТ) белгілеген нормалардан жоғары, өйткені ол іріктелген астықтан, заманауи жабдықтарда өндірістік режимдерді қатаң сақтай отырып өндіріледі. Біздің мамандар күнделікті екі зертханада шикізат пен ұнның сапасын тексереді. Бүкіл өндіріс процесі ISO 22000 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің стандарттарына сәйкес келеді.
Пайдалы тамақтану
«Granum» – ағзаға күнделікті қажетті дәрумендер мен минералдармен байытылған ұн. Ұнның әр түріне біз темір, мырыш, фолий қышқылы, B1, B2, PP дәрумендері бар Elcovit премиксін қосамыз. Мысалы, «Granum» ұнының құрамындағы темір (Fe) жасушалардың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартады.
Арнайы тартылымдар
«Granum» ұн желісі ең талапшыл аспаздың да көңілінен шығады. Әртүрлі пісірмелер мен тағамдарға — үлпілдеген аппақ бисквиттер мен тоқаштарға, нанға, сүйікті тұшпара мен мәнтіге немесе жұқа құймақтарға болсын — ұнның арнайы құрамы таңдалған. Мысалы, ыстық тағамдарға арналған ұнның құрамында қамырға жоғары иілімділік беріп, түйуді жеңілдететін poritel (поритель) ферменті бар.
Жоғары ақтық
Біз пісірме дайындауды ұнататындар мен аппақ әрі үлпілдеген ұнды бағалайтындар үшін «Granum» «Экстра» сұрыпты ұнын ұсындық. «Экстра» сұрыпты ұн өте нәзік тартылып, қосымша тазалау кезеңінен өтеді, соның арқасында аппақ түске ие болады. Бисквит пен тоқаш пісіруге арналған ең үздік таңдау!