СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ҮШІН!
ТҰРАҚТЫ
САПА
«Granum» ұны сапасының көрсеткіш-
тері МЕМСТпен белгіленгеннен де
жоғары, өйткені оны өндірістің
режимдерін қатаң сақтап,
заманауи жабдықпен,
сұрыпталған астықтан өнді-
реді. Біздің мамандар ши-
кізат пен ұнның сапасына
күнделікті екі зертханада
тест жүргізеді.
Өндірістің барлық про-
цесі ISO 22000 тамақ
өнімдері қауіпсіздігі
менеджменті жүйесінің
стандарттарына сәйкес
келеді.
ПАЙДАЛЫ
ТАҒАМ
«Granum» – ағзаға күнделікті қа-
жетті дәрумендермен және ми-
нералдармен байытылған ұн.
Ұнның әрбір түріне біз те-
мірді, мырышты, фолий
қышқылын, B1, B2, PP
дәрумендерін қамтитын
Elcovit премиксін қоса-
мыз. Мысалға,
«GRANUM» ұнының
құрамындағы темір
(Fe) жасушаларды
оттегімен қамтамасыз
етіп жақсартады, сол
себепті иммунитет ар-
тады және заттардың
алмасуы жеделдейді.
ЕРЕКШЕ ТАРТЫЛҒАН
ҰН
«Granum» ұнының желісін ең
талғампаз аспаздың өзі ұнатады.
Үлпілдеген аппақ қардай бисквитке
және май мен сүттен иленген нанға, нанға,
сүйікті тұшпара мен мантыға немесе шілтерлі
құймаққа болсын, пісірілген нан мен тағам-
дардың әр түрлі түрлеріне ұнның ерекше
құрамы таңдап алынған. Мысалға, ыстық
тағамдарға арналған ұнның құрамында poritel
(поритель) ферменті бар, ол қамырға жоғары
созылымдық береді және жабыстыруды жеңілдетеді.
ЖОҒАРЫ АҚТЫҚ
Біз пісірілген нанның
әуесқойлары мен аппақ
қардай және үлпілдеген ұнның
бағалаушылары үшін «Granum»
ұнының «Экстра» сортын
енгіздік. «Экстра» сортының
ұны аса нәзік тартылған
ұннан дайындалды және
тазартудың қосымша кезеңінен
өтіп, тап-таза ақ түске ие болады.
Бисквитті және май мен сүттен
иленген пісірілген нанды дайындау
үшін үздік таңдау!
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«Ново-Альджанский мелькомбинат» – 25 жылдық тарихы бар кәсіпорын.
Диірмен комбинаты Қазақстан үкіметімен және Азия даму банкімен әзірленген фортификациялау жөніндегі жобаға бірінші енгендердің бірі. Жобаның да, біздің қызметтің де міндеті халықтың тамақтану сапасын арттыру болып табылады.
«Granum» ұны Ocrim және Buhler итальяндық және швейцариялық диірмен кешендерінде өндіріледі.
Компания өзінің жабдығын тұрақты жаңартып және өндірістің сапасын бақылауды жақсартып тұрады, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын ұстанып, өнімнің тұрақты құнын ұстайды. Компанияның жоспарында – өнімнің желісін бакалеяның басқа да әлеуметтік маңызды категорияларымен кеңейту.
«Granum» макарон өнімдерін дайындау үшін бидайдың қатты сорттарынан алынған ұн қолданылады, ол макарон өндірісінің стандарттарына және тұтынушылардың талаптарына сәйкес келеді. «Granum» макароны үгітілмейді және тауарлық түрін, дәмдік сапасын сақтайды, сондай-ақ дайындау кезінде пішінін қалпында сақтайды.
МЕЙІРІМДІ ҚОЛЫНАН
СІЗДІҢ ҮСТЕЛІҢІЗГЕ!
Пісірілген нанды дайындау кезінде әрқашан үлкен шабыт келеді. Өйткені мұнда өзіңіздің аспаздық талантыңызды, қиялыңызды және ойлап тапқыштығыңызды көрсетуге болады. Үйде пісірілген нанның иісінің өзі көңілді көтереді, суықта жылытады, үстел үстіне отбасыны жинап, шағын мереке ұйымдастырады. «Granum» ұнынан торт пісіру немесе тұшпараны жабыстыру – барлық отбасы үшін ұнамды кәсіп! Біз сіз үшін оңай рецептілерді таңдадық, олар
сіздің жақындарыңызға ұнайды.
СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК
«Ново-Альджанский мелькомбинат» ұнды Қазақстанның барлық өңірлеріне, сондай-ақ жақын шетел елдеріне тікелей де, және дистрибьюторлар арқылы да жеткізеді. Біз ынтымақтастық үшін әрқашан ашықпыз. Қазақстандық ұн – әлемдегі үздіктің бірі екені,бәріне мәлім. Ұнды дәрумендермен және минералдармен байыту оған қосымша құндылық береді, соның өзінде ол тұтынушылар үшін бағаға әсер етпейді.
Біз «Granum» ұны мен макарондарының мәлімделген сапасына бөлшектеп сатып алушылар үшін де, көтерме сатып алушылар үшін де кепілдік береміз.